Материалдық-техникалық база

Колледж материалдық-техникалық базасы

Колледждің материалдық-техникалық базасы қазіргі заманғы талапқа сай, инновациялық үлгіде жабдықталған. Жалпы аумағы 11 гектарды құрайтын замануи технологиялармен жасақталған 14 қабаттық 21000 ш.м бас оқу корпусы, соңғы үлгімен жасақталған симуляциялық орталық, 372 орындық жатақхана, (444 орындық жатақхана құрылысы басталып, алдағы уақытта пайдалануға беріледі.) 2160 ш.м спорт сауықтыру кешені (су бассейні, минифутбол, волейбол, баскетбол, гимнастика, бокс, күрес, ауыр атлетика залдары бар), 500 орындық атриум залы, қысқы бақтар, миллионға жуық электрондық және оқу залымен жасақталған бай қоры бар кітапхана, (150 орындық, бір оқу залы, 1 абономент, бір электронды зал, 20 орындық Коворкинг орталығы қызмет көрсетеді. Кітапхана «Рабис»  республикалық автоматтандырылған кітапхананың ақпараттық жүйесі бағдарламасымен жұмыс жүргізіледі.) 200 орындық асхана, білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптендірілген зертханалық базалар және жылыжай орналасқан.