Колледж тарихы

Қазіргі таңда экономикамыздың дамуының негізгі принциптері, өндіріс орындарының заман талабына сай, жаңа технологиялармен жабдықталуы, өндірістің қарыштап дамуы және отандық өнімдердің бәсекеге қабілетті дайындалып, нарықтағы сұранысқа ие болуы. Аталған жағдайларға байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың сөзінде келтірілгендей өндіріс орнын дамытудың негізгі мәселесі білім стандарттары негізінде нормативттік регламент құжаттары бойынша, білікті және білімді техникалық жабдықтарды толық меңгерген мамандар дайындау.
Инновациялық даму үшін техникалық кадр, орта кәсіптік маман дайындау стратегиясы маңызды. Дегенмен елімізде өндіріс орындары орта кәсіптік білімді жұмыс күшіне зәру, техникалық кадрларға мұқтаж. Сондықтан кадрлар дайындау жүйесін реформалау арқылы еліміздің экономикалық қуатын арттыруға болады. Осы орайда, Республика көлеміндегі оқу орындарының бірі ретінде өзіндік орны бар «Болашақ университеті» жанынан құрылған «Болашақ» жоғары колледжінің тарихы 2001 жылы, 28 тамызда құрылды. 2001 жылы "Болашақ" университеті жанындағы "Экономика және сервис" (АА сериясы №0000073 мемлекеттік лицензиясы) колледжі болып құрылды, 2010 жылдың 10 қыркүйегінен бастап "Болашақ" университетінің колледжі атауына өзгертілді. 2010 жылдың 10 қаңтарында «Экономика және сервис» колледжі "Болашақ" университеті колледжі мекемесі болып аталды. Жоғары колледж статусын иеленуіне байланысты мемлекеттік лицензия мен оған қосымшалар жаңартылды. (23.05.2019ж №19011394) Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығының 2020 жылы 28 ақпан күнгі шешімі бойынша 5 жылға аккредиттелді. Осы уақытқа дейін, колледжді Л.В. Спасова, А.Ә.Еңсепов, С.Ө. Бештембекова, Ш.А.Досжанова, Б.Ж.Паридинова, Г.С.Досжанова, Г.Ж.Снасапова басқарды. 

Колледждің басты мақсаты, өз саласындағы біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап, Сыр өңірін креативті, мобильді мамандармен қамтамасыз ету және қала мен облыстың әлеуметтік – экономикалық тұрғыда өркендеуіне үлес қосу. 

Қазіргі таңда, «Болашақ университеті» жоғары колледжі – Сырдың бойында, қаламыздың көркін әсем ғимаратымен келтіріп, сол жағалауынан орын алған оқу орны.

Колледжде педагогикалық, техникалық, экономикалық, құқық, қызмет көрсету, өнер салалары бойынша 55 мамандық, 95 біліктілік негізінде мамандар даярлануда. Колледжде 1050 білім алушы білім алуда. Оның ішінде: мемлекеттік тапсырыс негізінде – 375, ақылы негізде – 675 білім алушы бар.

Колледж штатында – 63 оқытушы: олардың ішінде ғылым магистрі - 11, жоғары санат – 7, І санат – 4, ІІ санат – 6, Педагог зерттеуші – 3, педагог сарапшы – 2, педагог модератор – 3 оқытушылар дәріс береді. Оқытушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, кәсіби деңгейін көтеру, колледж жұмыстарының барлық жүйесін тұтастандырудағы маңызды құрал, оқу-әдістемелік жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуы. Сондықтан, колледжде оқытушылардың шығармашылық қызметін, ғылыми мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалған және әрбір пән оқытушысының біліктілігін,  кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған. Осы орайда Халықаралық, республикалық, облыстық басылымдарда, сайттарда озат оқытушылардың әдістемелік құралдары, мақалалары жиі жарияланып отырады. Оқу орнының оқу-әдістемелік, ғылыми, шығармашылық жұмыстарының басты мақсаттарының бірі – ең үздік педагогикалық іс-тәжірибелерді, инновациялық технологияларды насихаттау, біртұтас әдістемелік ақпараттық кеңістік жасау. Жұмыс берушілердің нақты кәсіби дағдыларды дамытуға деген қажеттілігін анықтау үшін облыстық білім басқармасы кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, жастар арасындағы жұмысшы мамандығының беделін арттыру мақсатында түрлі олимпиадалар, ғылыми конференциялар, сайыстар сонымен қатар, «WorldSkills Kazakhstan» чемпионаты ұйымдастырылады. 

Колледжде жастар тәрбиесіне бағытталған келесі клубтар, үйірмелер, секциялар жұмыс жасайды: «Кербез» би ансамблі; «Үкілі үміт» қыздар клубы; «Фемида» заң клубы;«Жас қамқоршылар» еріктілер қозғалысы; «Руханият» шығармашыл жастар клубы; «Қыл қалам» жас суретшілер клубы; Пәндік үйірмелер; «Қазақша күрес» секциясы; «Үстел теннисі» секциясы; «Волейбол» секциясы; Колледж құрылғалы «Жол картасы», «Жұмыспен қамту 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту», «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту  мемлекеттік бағдарламалары негізінде мыңнан астам шәкірт білім  алып шықты. 

55  мамандықтар бойынша мемлекеттік стандарт талаптарына сай пәндерді оқыту мен оқу-әдістемелік және бағдарламалық-әдістемелік тұрғыда  қамтамасыз етуді 3 пәндік циклдік комиссия жұмыс атқарады. Олар:  «Педагогикалық мамандықтар» ПЦК, «Қызмет көрсету, құқық және өнер мамандықтары» ПЦК, «Техникалық мамандықтар» ПЦК .

Құрылғанына 20 жыл толған «Болашақ» университетінің жоғары колледжі қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін абыроймен атқаруда. Өскелең ұрпақты білім және рухани құндылықтар арқылы тәрбиелеу қашанда ақиқатқа жету болып табылады. «Болашақ» атауы өзіне болашағы кемел, жарқын жолға бастайтын, білімге бас иетін, адамгершілік тәрбие беретін қасиетті орын деген қастерлі ұғымдарды біріктіреді. Қысқа уақытта Сыр өңіріндегі бәсекеге қабілетті білім, береклеі бірлік пен ынтымақ ырыс-несібенің орталығына айналып үлгерген білім ордасыныңі болашағы жасампаз, келешегі бұдан да жарқын.