Blog Detail Image
  • 06.03.2022
  • 823

Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Қазақ ән әлемінің падишасы - Роза Бағланова» атты ашық тәрбие сағаты


Колледжімізде тағы бір іс шара өз жалғасын тапты. ПМНО-20/9 оқу тобының жетекшісі Аяпова Тоғжан Дастанқызы Қазақстанның және КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Қазақ ән әлемінің падишасы - Роза Бағланова» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ музыкасын дәріптеу, жастарға халқымыздың мақтанышына айналған халық әншілерін насихаттау, олардың өнердегі жолын үлгі ету. Шара барысында әншінің өмірінен тың деректер, сахна төріндегі жарқыраған жұлдызды сәттері жайында қызықты естеліктер айтылып, әсем әуендер шырқалды. Іс-шараға қонақ болып келген Республикалық «Алатау шыңы» байқауының Бас жүлдегері, облыстық «Асыл мұра» телебайқауының Бас жүлдегері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің дәстүрлі музыка өнері мамандығының 4 курс cтуденті Жәку Ақбота жыр-термесімен кеш көркін аша түсті. Сондай-ақ, Қызылорда қалалық «Жастар» театрының әртістері Динара Нұрлыбай, Қонақ Қарлығаш және Тоғжан Дастанқызы арнайы көріністерімен өнер көрсетіп, бірі әнші апамызға арналған арнауларын оқыса, бірі әншінің репертуарынан «Ах самара городок», «Іңкәрім-ай» әндерін нақышына келтіре орындады.
Аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың құнды мұрасын тарих беттерінен жоғалтпай, көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа насихаттау баршамыздың міндетіміз.