
«ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ-2022» тақырыбында колледжішілік сайыс өтті
«Болашақ» университеті жоғары колледжінің «Педагогикалық мамандықтар пәндері» ЦК ұйымдастыруымен «Сапалы білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі» атты апталық аясында ұйымдастырылған «ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ-2022» тақырыбында колледжішілік сайыс өтті. Сайыс кезеңдері:
1. «Біз командада жұмыс істейміз» (команданың өзін-өзі таныстыруы);
2. «Күш білімде» (міндетті компонент пәндері бойынша тестілеу)
3. «Сенің мүмкіндігің» (білім алушылар сахналық қойылым көрсетеді)
4. «Сандық әлемге саяхат» (бұл кезеңде шығармашылық жоба сайысы, білім алушылар презентация бойынша «Мамандығым-Мақтанышым» атты тақырып бойынша қорғайды);
5. «Пазл» ( білім алушылар, 3минут ішінде сурет қиындыларын құрастырып, онда жасырынған жағдаяттық сұраққа жауап береді).
Сайыс қорытындысы бойынша: І дәрежелі Дипломмен ДО-19/9г оқу тобы, ІІ дәрежелі Дипломмен ДОА19/9г оқу тобы және ІІІ дәрежелі Дипломмен ДО-20/9 оқу тобы марапатталса, ДО-18/9 оқу тобы Алғыс хат иегері атанды.
Сайыс жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, арнайы сыйлықтар табыс етілді. Ұйымдастырушылар: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының арнайы пән оқытушылары: Шәбіл Еңлік Игібайқызы және Байқожа Гүлназым Мажитқызы.
Марапаттарыңыз құтты болсын!!!