
«Өнерім – Тәуелсіз еліме!» атты облыстық патриоттық әншілер байқауы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Өнерім – Тәуелсіз еліме!» атты облыстық патриоттық әншілер байқауын өткізді.
Байқау екі кезең: 1) Патриоттық ән орындау; 2) Өз қалауы бойынша еркін тақырып бойынша өтті. Өнер көрсету тәртібі бірінші кезеңде барлық қатысушылар үшін жеребе тастау арқылы анықталып, байқау соңына дейін сол реттілік сақталды. Өнерпаз өз өнерін жанды дауыста, арнайы өңделген минусовка көмегімен орындауы қажет.
Біздің колледждің ПМНО-21 оқу тобының студенті Темірбек Дильназ 18 өнерпаз қатысқан бұл сайыста алтыншы боп өнер көрсетіп, ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Аяпова Тоғжан.