
Әдістемелік көмекші құрал
«Болашақ» университетінің жоғары колледж оқытушылары Л.К.Кеншимбаева, Ә.Ғ.Темірбай, Т.Д.Аяпова «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» және Г.М.Байқожа «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу» атты әдістемелік көмекші құрал авторлары атанып, Астана қаласының Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды.
Әріптестерімізге алдағы уақытта шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! Қаламдарыңыз ұштала берсін! Жетістіктеріңіз көп болсын!