Blog Detail Image
  • 28.12.2022
  • 56

«Мен - кәсіпкермін» республикалық онлайн Гранд турнирі

Облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинеті) мен Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 4-қарашадағы №13-05-03\960 санды хатына сәйкес а.ж.14-30 қараша аралығында республика колледждерінің студенттері арасында «Мен - кәсіпкермін» республикалық онлайн Гранд турнирі өтті.
Турнирдің қорытындылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында анықталды.
Турнирге«Болашақ» университеті жоғары колледжінің ПМНО-22 оқу тобынан Жолқожа Нұршат,Мұқан Гүлназ және Фис-22 оқу тобынан Комбеков Артур, жетекшісі Тажикова Жанат Жұманқызы қатысып, мадақтама мен сертификатқа ие болды.
Гранд турнирге іскерлік экономикалық ойынға қатысу үшін команда Canvas стратегиялық жоспарлау құралдарын қолданып, бизнес жоспарлауда canvas бизнес моделі ретінде ұсынылған бизнес жобаны және жобаны қорғау сәті бейнеленген видеоны дайындап, осы видеоны «YouTube» арнасына орналастырды. Өткізу форматы ZOOM платформасы.