Blog Detail Image
  • 15.11.2022
  • 41

Кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында “Жұмыс беруші күні” шарасы өткізілді

“Болашақ” университетінің жоғары колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ТжКБ) кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында “Жұмыс беруші күні” шарасы өткізілді.
🔵Бұл шараға:
-қамқорлық алған кәсіпорындар (ұйымдар);
-дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорындар;
- мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар;
-колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отыратын кәсіпорындар;
-жергілікті атқарушы органдар;
-“Атамекен” өңірлік кәсіпкерлер палатасы;
-жұмыс берушілер қауымдастығы;
-ТжКБ мәселелері бойынша өңірлік, салалық кеңестер басшылары мен өкілдер қатысты.
🔵Жұмыс берушілер үшін колледж бойынша танысу экскурсиясын жасап, колледждің оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханаларын аралады.
Оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша ой қозғады.
“Жұмыс беруші күні” іс-шарасын оқу орнының басшысы В.А.Жубаниязова ашып, сөз сөйледі.
Шара барысында, “Дуалды” оқыту технологиясы бойынша әлеуметтік серіктестер арасындағы ынтымақтастық тақырыбында Директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.С.Досманбетова баяндама жасап, Серіктестік мекемелердің жұмыс тәжірибесі туралы слайд көрсетті.
“Жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау жөніндегі келіссөздері” жұмыс берушіден жаңа технологияларға шолу жасау мақсатында видеоролик көрсетілді.
🔵Шараның соңында оқу орнының жұмыс беруші әлеуметтік серіктестік басшыларына “Crand master” бағдарламалау мектебінің директоры Қуанышбаев Алмат Жомартұлы және “Шайхислам” сұлулық салонының басшысы Ерманова Алия Нуртазаевна Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.👏🏻👏🏻👏🏻
🔵Жұмыс берушілер мен бітіруші түлектер арасында сұрақ-жауап болып, өзекті әңгіме жүргізілді.